Home Мәдениет Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Айтматовтың қабірін зиярат етті
Мәдениет - 08.12.2018

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Айтматовтың қабірін зиярат етті

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Йылдырым бастаған делегация Қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың басына құран оқытты, – деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.

ТҰҰМ төрағасы Бинали Йылдырым бастаған делегация Қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың мазарына барды. ТҰҰМ басшысы Йылдырым Ата-Бейіт мавзолейіндегі Қырғыздардың Патшалық Ресейге қарсы көтерілісінде дүние салғандарға арналған кесенеге, Сталин режимінде өлтірілген Қырғыз зиялылары мен Шыңғыс Айтматовтың қабіріне гүл шоқтарын қойды.

Бұл сапарға Йылдырыммен бірге Қырғыз Парламент басшысының көмекшісі Мирлан Бакиров, ТҰҰМ төрағасының орынбасары Желал Адан, Түркия-Қырғызстан парламентаралық Достық тобының төрағасы Сабри Өзтүрік, түрік депутаты Ахмет Арслан, Мемлекеттік ұлттық партияның Анкаралық депутаты Гамзе Тасжыер, «Жақсы» партиясының Самсундық депутаты Бедри Йашар және тағы басқалар қатысты.

Check Also

Шыдамдылық пен ұстамдылықты балалардан үйренуіміз керек – омбудсмен Айтпаева

2019 жылы 16 мамырда Сенат депутаты, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі …