Home Басты жаңалық Трамп Қытайдың АҚШ көліктеріне салық үстемесін азайтатынын мәлімдеді

Трамп Қытайдың АҚШ көліктеріне салық үстемесін азайтатынын мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайдың Америкадан тасымалданатын көліктеріне кеден салығын «азайтуға және алып тастауға» келіскенін мәлімдеді.

Өзінің Twitter-дегі микроблогында Трамп бүгінгі тағда кеден салығы 40 пайызға дейін ұлғайғаны туралы жазды, – деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.

Еске сала кетейік, Пекин мен Вашингтон арасындағы сауда соғысы биылғы жылдың көктемінде басталған болатын: сәуір айының басында АҚШ сауда санкцияларын енгізсе, өз кезегінде Қытай да қарсы әрекеттер қолданып келді. АҚШ үкіметінің дерегінше, екі ел арасында сауда дисбалансы 500 миллиард долларды құрайды (Пекиннің пайдасына).

Алайда Буэнос-Айресте өткен G20 саммитінің қорытындысы бойынша екі ел басшылары қаңтар айынан бастап сауда мәселесін ретке келтіруге келіскендері белгілі болды.

Check Also

Желіде Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны шықты

Димаш Құдайбергеннің су жаңа Couldn’t Leave («Кете алмаймын») атты әні жарық көрді, ол Қыт…