Home Қоғам Таразда 23 жастағы жігітті өз достары тепкілеп өлтірді (видео)
Қоғам - 06.09.2018

Таразда 23 жастағы жігітті өз достары тепкілеп өлтірді (видео)

Таразда 23 жастағы жігітті өз достары тепкілеп өлтірген. Төбелес болған сәт бейнебақылау камерасына жазылып қалыпты.

Белгілі болғандай, оқиға 2 қыркүйекке қараған түні Тараздағы кафелердің бірінің алдында болған.

Шамамен таңғы сағат 04:30-да жас жігіттер өзара төбелескен. Бейнебақылау камерасына бірнеше ер адамның біреуіне жабылып жатқан сәті түсіп қалыпты. Басынан алған ауыр соққыдан жас жігіттің құлап, қимылсыз қалғанын көруге болады.

Достары оны қолынан сүйреп алып кетіп, кейін ауруханаға жеткізген екен. Алайда, марқұм есін жимастан бақилық болып кетті.

Жамбыл облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, кісі өлтірді деген күдікпен 21-22 жас аралағындағы үш бала ұсталыпты. Үшеуінің де түрі бейнебақылау камерасына анық түсіп қалған дейді полицейлер. Бұл видеоматериал қылмыстық іске тіркелген.

Ал, дәрігерлер болса марқұмның миына қан құйылып, жабық бас сүйек жарақатын алғанын айтып отыр. Өлімі де осыдан болған.

Қайтыс болған Дархан Құрмашев отбасындағы жалғыз ұл. Ол екі жыл бұрын үйленген екен, артында әйелі мен кішкентай қызы қалды.

Дереккөз: sn.kz 

Check Also

Жалақы өсіруге 144 млрд теңгеден аса қаржы бөлінді

Биыл елде азаматтық қызметкерлердің жалақысын өсіруге 144 млрд теңгеден астам қаржы бөлінд…