Home Көзқарас Танымал журналист: Қазіргі билікке қазақтың рушылдығы ұнайды
Көзқарас - 27.04.2018

Танымал журналист: Қазіргі билікке қазақтың рушылдығы ұнайды

Қазіргі билікке қазақтың рушылдығы ұнайды! Бұл туралы белгілі журналист Дәурен Қуат өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, – деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.

– Бір ұйғыр қардошым бар, сол айтады: «Өзбекстанға барсаң бәрі – өзбек, Қырғызстанға барсаң бәрі – қырғыз. Азербайжанда да солай. Бұлар ашық ел. Тек қазақ қана өз туғандарын бауырына тартқысы келмейді. Қазақстанға көшіп келген қанша ноғай, қанша қарақалпақ жүр. Соның бәрі қазақ болғысы келеді. Қазақ болайын десе, қазақ руын сұрайды, арғы түбін тергейді», – деп. Оның сөзі рас, әрине. Өзімізге жақын жұртты сіңіріп алудың орнына біз әлі күнге рудан, ұсақ атадан аспай жүрміз, – деп жазды Қуат.

Оның пікірінше, мұның тағы бір сыры – қазіргі билікке қазақтың осы қалпының (жүзшілдігі, рушылдығы) ұнауында.

– Бұндай халықты билеу оңай. Өйткені трайбализм коррупцияға да, басқаға да қарсы тұра алмайтын әлеуметтік шек. Қазақтың өз басын біріктіргісі келмей отырған билік өзгені қалай қазақтың құшағына кіріктірсін?.. Бүгінгі билікке Қазақстан және біртұтас қазақ елі емес, көпұлтты Қазақстан керек, – деп түйіндеді ол сөзін.

Check Also

«Мына әкімдер қауіпті»: Иманғали Тасмағанбетовті Ресейдегі «айдаудан» алдыру керек – Қазыбек Иса

ҚАУІПТІ АЙМАҚТАРДАҒЫ ҚАУІПТІ ӘКІМДЕР Қазақ Елі осыдан 28 жыл бұрын Тәуелсіздік алғанын біл…