Home Қоғам Талғардағы жантүршігерлік қылмыс: Ер адам темекі үшін өлтірілген
Қоғам - 24.08.2018

Талғардағы жантүршігерлік қылмыс: Ер адам темекі үшін өлтірілген

Алматы облыстық ІІД өкілдері Талғар ауданындағы кафе маңында болған кісі өлтіру дерегін тергеп жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

28 шілдеде Талғар аудандық ауруханасына екі ер адам түскен: Айбек Көпжасаров пен Жасұлан Тәттібаев оқ және пышақ жарақатын алған. Жасұлан кейінірек қайтыс болды.  Жасұланның бауыры Ерлан Тәттібаевтың айтуынша, сол күні жігітке Бірлік ауылындағы кафе маңында шабуыл жасалған.

«Кафеде отырғанбыз, ол (күдікті) сол жақта болды. Бауырым онымен бала күнінен таныс, бір ауылда өскен. Ол бауырымнан темекі сұраған, «жоқ» деп жауап берді. Осыдан кейін жанжал басталды. Бұдан кейін ол шығып кетіп, біраз уақыт өткенде бір топ адаммен келіп бауырымды көшеге шығарып алып кетті. Атыс естілгенде бәрі қашты. Мені жерге құлатып, пышақ салды, абырой болғанда, қатты зардап шекпедім. Бауырымды қалай атқанын өз көзіммен көрдім. Ол аудандық ауруханаға жеткізілді, сол жақта көп қан жоғалтқандықтан қайтыс болды. Оған 13 рет пышақ салып, оқ атқан. Сол мекемеде 20-дай адам болған, яғни куәгер жетіп артылады. Біз Талғар аудандық полиция бөліміне арыз жаздық», – дейді Ерлан Тәттібаев.

Марқұмның туыстары соталды тергеу жүргізетіндердің әрекетсіздігін айтып, облыстық ІІД мен Талғар ауданының прокурорына арыз жазған, сондай-ақ, Бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың атына хат жазған. Алматы облыстық ІІД өкілдері күдіктілердің жіберілмегенін хабарлады.

«Бұл дерек бойынша 99 (Адам өлтіру) және 293 (Бұзақылық) баптары бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. Төрт күдікті ұсталды. Барлығы қамауға алынды. Күдіктілердің бірі қамауда. Қалғандары сот санкциясымен кепілақымен босатылған. Алайда күдікті деген статус жойылмайды. Олар тергеу шараларына қатысып жатыр. Тергеу жалғасып жатыр және облыстық департаменттің тергеу басқармасының бақылауында», – деп хабарлады Алматы облыстық ІІД өкілдері.

Check Also

Сапарбаев: Кейбір отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек төлеуді тоқтатамыз

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мемлекеттік жәрдемақыны з…