Home Қоғам Талдықорғанда такси жүргізушісін айуандықпен өлтіріп кетті
Қоғам - 11.01.2019

Талдықорғанда такси жүргізушісін айуандықпен өлтіріп кетті

Талдықорған полицейлері желтоқсанның соңында із-түзсіз жоғалып кеткен 42 жастағы ер адамды өлтіру фактісі бойынша істі тергеп жатыр, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Golf 3 маркалы өртенген көліктің фотосы жергілікті kris_p_tdk паблигінде жарияланып, интернет қолданушылар арасында дүрбелең туғызды.

Полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабында («Кісі өлтіру») қарастырылған қылмыстық тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлай отырып, қажетті ақпаратты берді.

«Автокөлік 5 қаңтарда табылды. Тексеру кезінде иномарка өткен жылдың соңында із-түзсіз жоғалып кеткен 42 жастағы жергілікті тұрғынға тиесілі екені анықталды. 7 қаңтарда табылған зардап шегушінің мәйітінде зорлықпен өлтірудің айқын белгілері бар», — деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Талдықорған полицейлері куәгерлерді тауып, осы қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған жедел іздестіру шараларына жұмылдырылды.

Check Also

Нұрсұлтан Назарбаев: Елімізде саяси бәсеке бар

Елбасы «Nur Otan» партиясы кандидатының Республикалық қоғамдық штабының мүшелерімен кездес…