Таиланд, Пабук, дауыл, курорт, демалыс
Home Басты жаңалық Тайландтағы Pabuk дауылынан бір адам қаза тапты

Тайландтағы Pabuk дауылынан бір адам қаза тапты

Тайландағы тропикалық Pabuk дауылы салдарынан бір адам қаза тауып, тағы бір адам із-түссіз жоғалып кетті. Бұл туралы Тайландтың Үшінші ұлттық телеарнасында айтылды, – деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.

Тайландтың оңтүстігіндегі Паттани мен Сонгкла провинцияларында болған жойқын дауылдан шағын кемемен теңізге шыққан бес балықшы зардап шекті. Соның бірі қайтым болса, бірін құтқарушылар әлі таба алмай жатыр. Қалған үш балықшы дін-аман, деп хабарлады телеарна.

Дауылдың ең қатты үдеген жері Накхон Ситхаммарат провинциясының жағалауы болды. Сағатына 75 шақырым жылдамдықпен ұйтқи соққан дауылдың салдарынан елді-мекеннің инфрақұрылымына үлкен зақым келген.

Қазіргі уақытта жағалаудағы елді-мекеннен 30 мыңға жуық адам қауіпсіз жерлерге көшірілді.

Еске сала кетейік, осыған дейін ҚР СІМ Тайландың жергілікті билік өкілдеріне сілтеме жасай отырып, «Пабук» тропикалық дауылының 5 қаңтарда Сиам шығанағынан Тайланд жағалауларына жетуі мүмкін екенін хабарлап, аталмыш елде демалып жатқан Қазақстандықтарды Төтенше жағдай болған жағдайда ҚР СІМ сайтында көрсетілген Тайландтағы Қазақстан Елшілігіне хабарласуды сұраған болатын.

Check Also

Асқар Мамин: Жұмысшылардың құқықтарының кемсітілуіне жол бермеу керек

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Қазақстанның жетекші өнеркәсіптік өңірлері…