Шырын Нарчаева, Бойжеткен, Инста, Фото
Home Қоғам Сәукелемен жалаңаштанып суретке түскен бойжеткен жылап тұрып кешірім сұрады (видео)
Қоғам - 27.12.2018

Сәукелемен жалаңаштанып суретке түскен бойжеткен жылап тұрып кешірім сұрады (видео)

Төсін жалаңаштап суретке түскен Шырын Нарчаева жылап тұрып халықтан кешірім сұрады. Оның айтуынша, аталмыш суреттердің таралуынан кейін оны қорқытқандар көбейген, – деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Шырын Нарчаева есімді бойжеткеннің қазақтың ұлттық әшекейлері мен сәукелесін киіп суретке түскені туралы жазған болатынбыз. Жалаңаштанып суретке түскен қыздың қылығын көпшілік ұнатпай, бұл мәселе қоғамда қызу пікірталас тудырды.

Бойжеткеннің сөзінше, аталмыш суреттер жарияланғаннан кейін оны қорқытып-үркітетіндер көп болды. Енді бойжеткен инстаграм желісінде видео арқылы елден кешірім сұрады.

“Мен бір бойы бұл жағдайға мән бермей келіп едім. Енді қатты қорқа бастадым. Мені, менің отбасымды қорқыта бастады. Бүгін тіпті соңымнан аңдыды. Суретке түсіріп алды.  Оларға бәрінен кешірім сұрағаным керек пе?”, – деді ол.

Check Also

Асқар Мамин: Жұмысшылардың құқықтарының кемсітілуіне жол бермеу керек

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Қазақстанның жетекші өнеркәсіптік өңірлері…