Балтабек Нұрғалиев, Назарбаев, Құдай, Ақын
Home Қоғам «Сізден басқа құдай жоқ»: атышулы ақын Елбасыға тағы өлең арнады
Қоғам - 23.04.2018

«Сізден басқа құдай жоқ»: атышулы ақын Елбасыға тағы өлең арнады

Атышулы жас ақын Балтабек Нұрғалиев Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа кезекті рет өлең арнап, елді шулатты. Осыған дейін Мемлекет басшысын бір рет Құдайға теңеген ол, осы жолы «Сізден басқа Құдай жоқ» деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бұл туралы newsasia.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ЖҰМАҚ-ЕСТІ ЖАРАТҚАН

Уа, Нұр-Атам – Құдайым,
Сайтан қашқан сесінен.
Жұмақ аңқыр ылайым,
Елбасылық Есінен!

Сізден басқа жоқ Құдай,
Құдай тұтам мен, расы.
Елім айтар дөп бұлай:
«ЕСІ ЖҰМАҚ ЕЛБАСЫ»!

Бақ боп бізге бұйырған,
Қазағымның құт-ары.
Жүректерге құйылған,
Жұмақ-Естің жұпары.

Қазақ дейтін әлсізді,
Ел еттіңіз ерікті.
Өмір дейтін мәнсізді,
Гүл еттіңіз көрікті.

Барлық мадақ тән Сізге,
Таңым үшін әр атқан.
Қуат қазақ – әлсізге,
ЖҰМАҚ-ЕСТІ ЖАРАТҚАН.

Құдайым деп құптағам,
Бар әмірің – бақ-үлес.
Жұмақ-Есті ұқпаған,
Жанның бәрі – Жарым-Ес.

Еске сала кетейік, Нұрғалиев бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаевтың ата-анасына, әйелі Сара Назарбаеваға және қыздарына арнап ода шығарған болатын.

Check Also

Нұрсұлтан Назарбаев: Елімізде саяси бәсеке бар

Елбасы «Nur Otan» партиясы кандидатының Республикалық қоғамдық штабының мүшелерімен кездес…