Home Басты жаңалық Сирия әскері Эс-Сувейде ИМ-нің 270 содырының көзін жойды

Сирия әскері Эс-Сувейде ИМ-нің 270 содырының көзін жойды

Сирия әскері Эс-Сувей провинциясында «Ислам Мемлекеті» террорлық ұйымының 270 содырының көзін жойды. Бұл туралы ресейлік Қарушы күштер тобының Сириядағы өкілі Олег Макаревич ресейлік БАҚ-қа мәлімдеді, – деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.

Макаревичтің сөзінше, сирия әскері көп мөлшердегі қару-жарақты тәркілей алды, соның ішінде 12 танкке қарсы америкалық TOW ракеталары бар.

Сонымен қатар, ол Эс-Сувейдегі террористерінің көпшілігі Ярмук, Дамаскіден және АҚШ басқаратын халықаралық коалицияның бақылауындағы Әл-Танф ауданынан келгендігі туралы айтты.

Бұған дейін хабарланғандай, 17 қараша күні үкіметтік әскер Дамаскіден 92 шақырымда жатқан Телль-эс-Сафа тау шатқалын террористерден босатқан болатын. САНА агенттігінің мәліметінше, арнайы операция барысында ИМ-нің Оңтүстік Сирия бойынша басшысы болып табылған Абу Хаджер аш-Шишани мен бірнеше терроршы командирлерінің көзі жойылған.

Check Also

Нұрсұлтан Назарбаев: Елімізде саяси бәсеке бар

Елбасы «Nur Otan» партиясы кандидатының Республикалық қоғамдық штабының мүшелерімен кездес…