Home Қоғам Сағадиев: Менің тапсырмам бойынша орамал таққан оқушылар мектепке кірмейді
Қоғам - 04.09.2018

Сағадиев: Менің тапсырмам бойынша орамал таққан оқушылар мектепке кірмейді

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Түркістан облысы Мақтарал ауданы Фирдоуси ауылында 1 қыркүйекте хиджаб киіп келген оқушылардың мектепке неліктен кіргізілмегенін Үкімет отырысынан кейін клуарда айтты.

Бұл туралы Baq.kz хабарлады.

Ведомство басшысының айтуынша, орамал таққан оқушыларды мектепке кіргізбеу туралы өзі тапсырма берген.

«Заң бойынша діни киіммен мектепке баруға болмайды. Біз ол жаққа (Түркістан облысы, Мақтарал ауданы, Фирдоуси ауылына – ред. ескертп.) арнайы комиссия жібердік. Оқушылардың ата-анасымен әңгіме жүргізіп, бір шешімге келеміз деген үміттемін. Ол жерде уәкілетті органдар, әкімдік өкілдері бар және біз барлығымыз бірыңғай комиссия құрып, осы мәселені шешуіміз керек. Менің тапсырмам бойынша орамал таққан оқушылар мектепке кірмейді. Мұндай жағдай Ақтөбеде де болған», — деп қорытындылады Сағадиев.

Желі қолданушылары қалдырған пікірлерге қарасақ, хиджаб кигенді қолдайтындар мен керісінше мектеп формасын ұстану керек дегендердің саны екіге бөлінді.

«Әр мемлекеттік заңын құрметтеу керек» дегендер де бар.

Check Also

Желіде Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны шықты

Димаш Құдайбергеннің су жаңа Couldn’t Leave («Кете алмаймын») атты әні жарық көрді, ол Қыт…