Home Басты жаңалық Сағадиев білім басқармаларын жабуға қатысты пікір білдірді

Сағадиев білім басқармаларын жабуға қатысты пікір білдірді

Аталған бастаманы ҚР Парламент Сенатының депутаты Дариға Назарбаева көтерген болатын, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұны қарастыру қажет, ойлану керек. Алдымен кездесіп, идеялардың негізін түсініп, ары қарай талқылау қажет. Себебі бұл оңай шаруа емес. Негізі, теориялық тұрғыда оны іске асыруға болады. Бұл дегеніміз, білім басқару жүйесін толығымен орталықтандыруымыз қажет дегенді білдірсе керек. Осы мәселені мұқият зерделеп шығуымыз керек. Медицина саласында ондай тәжірибе бар», – деді Е.Сағадиев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.

Айта кетейік, ҚР Парламент Сенатының депутаты Дариға Назарбаева мектептерді тікелей қаржыландыру аясында білім басқармаларын жауып тастауды ұсынды.

«Қазір мектептерді жан басына қарай қаржыландыру жүйесі енгізіліп жатыр. Меніңше, ол ақша тікелей Астанадан бөлінетін болса, облыстық, қалалық және аудандық білім басқармалары мүлдем қажетсіз болып қалады. Бұл – өте маңызды мәселе. Себебі мектепке бюджет қаржысы бөлінгенде, ол ақша біраз уақыт жаңағы басқармаларда жатып қалады. Олар оны бүгін бере ме? Ертең бере ме? Ашығын айту керек, бюджет қаржысын үнемдейміз деп, толығымен бермеуі де мүмкін. Артынан кітаптарға, я болмаса, күрделі жөндеуге ата-аналардан жинай саласыңдар деп, жылы жаба салады. Ол жерде заңбұзушылықтар көп. Меніңше, ондай басқармалардың бәрін жауып тастау қажет», – деді Д.Назарбаева журналистерге берген сұxбатында.

Check Also

Асқар Мамин: Жұмысшылардың құқықтарының кемсітілуіне жол бермеу керек

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Қазақстанның жетекші өнеркәсіптік өңірлері…