Home Қоғам Сапарбаев: Орамал тағатын оқушылардың әкелерін қамау керек
Қоғам - 01.12.2018

Сапарбаев: Орамал тағатын оқушылардың әкелерін қамау керек

Ақтөбеде 4 қыздың орамал таққаны үшін ата-аналарын сотқа берді. Бұл жайлы Бердібек Сапарбаев қала белсенділерімен кездесуде талқылады деп жазады «Stan.kz»  «Мой город» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ақтөбе әкімінің орынбасары Гүбаршын Айдарханованың айтуынша, жыл басында 43 қыз орамал таққан. Қазір олардың 15-і орамал тағады. Бұл 10 отбасы. Үш қыздың әкесін 3-4 күнге қамауға алды. Мектеп ережесін бұзғаны үшін 4 ата-анаға айыппұл жазылды. Басқаларына құжат жасады.

“Бұлар өте қиын отбасылар. Біз олармен жұмыс істеп жатырмыз. Үйіне барып сөйлестік. Олармен ардагерлер де сөйлесті”, – деді әкім орынбасары. Бердібек Сапарбаев ата-аналарды біршама уақытқа қамауға алу керек екенін айтты.

“Мұндай оқушылардың әкелерін 10-25 күнге дейін қамау керек. Ойланып көрсін. Балаларының болашағын ойласын. Ең үлкен жұмыс – тәрбие беру. Ақтөбеде сәл бірнәрсе болса, бүкіл Қазақстан шулап кетеді”, – дейді Сапарбаев.

Check Also

«Мына әкімдер қауіпті»: Иманғали Тасмағанбетовті Ресейдегі «айдаудан» алдыру керек – Қазыбек Иса

ҚАУІПТІ АЙМАҚТАРДАҒЫ ҚАУІПТІ ӘКІМДЕР Қазақ Елі осыдан 28 жыл бұрын Тәуелсіздік алғанын біл…