Меруерт Түсіпбаева, Мейрамбек Беспаев, Роза Рымбаева, Шоу бизнес, Әнші, Сұхбат
Home Мәдениет Роза Рымбаеваға жауап берген отандық әнші Мейрамбекті Димашпен салыстырды
Мәдениет - 24.12.2018

Роза Рымбаеваға жауап берген отандық әнші Мейрамбекті Димашпен салыстырды

Танымал отандық әнші Меруерт Түсіпбаева Роза Рымбаеваның Мейрамбек Беспаев туралы айтқан пікіріне жауап берді. Әнші «Мейрамбектің мүлде даусы жоқ» деген халық әртісінің сөзіне қосылмайтынын айтты, – деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.

Қоғамда қызу талқылаға түскен Роза Рымбаеваның Мейрамбекке қатысты айтқан пікіріне қатысты Меруерт Түсіпбаева өзінің Instagram парақшасы арқылы ойын білдірді.

«Мейрамбек Бесбаевтың «Бозторғай» әнін орындағандағы керемет даусы дүйім жұртты естен тандырған. Сол кездері ол қазіргі таңдағы Димаш сияқты өз заманының феномені болған еді. Мейрамбек даусының диапазоны табиғатынан үш-төрт октаваны құрады. Алайда, дауысты қорғаудың қарапайым ережелерін сақтамау мен дауыс мутациясы кезінде (қажетсіз) ән айту оған өз залалын тигізді.

Фонограммасыз, жанды дауыста көптеген концерттерді өткізу оның даусына кері әсерін тигізгені сөзсіз. Фонеатр мамандар дауыс мутиациясы кезінде ән айтпақ түгіл, сөйлемеуге кеңес береді. Олардың бірден-бір үлгісі – Робертино Лоретти. Меніңше, айтқаныммен патшаның өзі де келісетін сияқты» , – деп жазды Түсіпбаева.

Еске сала кетейік, бұған дейін Роза Рымбаеваның Мейрамбек Беспаевтың даусы жоқ екенін айтқан болатын. Рымбаеваның бұл сөзіне Беспаевтың өзі де жауап берген болатын.

Check Also

Нұрсұлтан Назарбаев: Елімізде саяси бәсеке бар

Елбасы «Nur Otan» партиясы кандидатының Республикалық қоғамдық штабының мүшелерімен кездес…