Ринат Зайытов, Айтыс, Димаш Құдайберген, Қытай, Саясат
Home Көзқарас Ринат Зайытов: Димаш Құдайбергенов таза Қытай саясатының құрбаны (видео)
Көзқарас - 28.12.2018

Ринат Зайытов: Димаш Құдайбергенов таза Қытай саясатының құрбаны (видео)

Танымал айтыскер ақын Ринат Зайытов «Талқылайық» бағдарламасына сұхбат беріп, Димаш Құдайбергенге қатысты өз ойын білдірді. Ақынның пікірінше, Димаш бүгінде Қытай саясатының құрбаны болған, – деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.

«Талант пен ұлтқы қызмет ететін адамды ажырата білу керек. Екеуі мүлде екі бөлек. Мен Димашты «Сендей әншілерден қорқамын» деп сынағанда біздің жастардың оның соңынан еретінін білдім. Ал Димаштың қазіргі образын кім қалыптастырды? Қай ұлт қалыптастырды? Қытай қалыптастырды ма? Олар біздің баланы бізге қарсы пайдаланып жатыр. Мен осылай болатынын білгенмін. Ол болған практика. Бірақ Димаш Қазақстанда жүрген кезінде, мысалға «Саз әлемінде» жүргенде бір адам оны қолынан жетектеп, сол жерге барсын деп сүйреді ме? Жоқ, жарқ етіп шыққан кезде біз мақтануға мәзбіз. Біздің бала, біздің бала дейміз. Егер біздің министрліктің басы істейтін болса оны «Славян базарынан» кейін Қазақстанның опералық паспорты ретінде пайдаланып, керісінше қоюы керек еді. Димаш Құдайбергенов қазіргі уақытта таза Қытай саясатының құрбаны» – деді ақын сұхбат барысында.

Check Also

Нұрсұлтан Назарбаев: Елімізде саяси бәсеке бар

Елбасы «Nur Otan» партиясы кандидатының Республикалық қоғамдық штабының мүшелерімен кездес…