Home Көзқарас Ресей орысына бізді тағы да отарлауға жол ашпау керек – Әзімбай Ғали
Көзқарас - 03.09.2018

Ресей орысына бізді тағы да отарлауға жол ашпау керек – Әзімбай Ғали

Ресейді АҚШ-тың санкциялары одан ары тұншықтырып барады. Жаңа жылдан бастап бұдан да қатты санкциялар салынбақ. Бұл туралы белгілі саясаттанушы Әзімбай Ғали мәлімдеді, – деп хабарлайды Newsasia.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

– Аласұрған Ресей бізге шабуыл жасамай ма деген қауып бар еді. Бірақ Путин Белоруссияны қосып алуды ойластырып жүрген секілді. Кеңес Үкіметі тұсында, одан бұрын Патшалық Ресей тұсында тіл жағынан ассимиляцияланған Белоруссия күннен күнге орыстанып барады. Белоруссия экономикасында мемлекеттік сектор тым үлкен және пәрменсіз. Белоруссияның өзінің жеткілікті мұнайы мен газы жоқ. Белоруссия Ресейдің газы мен мұнайын, Ресейдің саудасымен, өзінің делдалдығымен күнелтіп отыр. Белоруссияда Ресей әскери тұр. Алайда, Ресейдің қаржысы мен қазынасы соңғы төрт-бес жылда күрт қысқарып келеді, – деп болжам жасады саясаттанушы.

Әзімбай Ғалидің пікірінше, Ресейдің Белоруссияны ресми аншлюс түрде қосып алуы қиынға тиеді. Бұған бірқатар геосаяси жағдай кедергі келтірмек.

– Алдымен Батыс елдері альянсы қарсы болады. Батыс Ресейге Белоруссияны ресми қостырмайды: әлеуметтік, саяси, ұлтшылдық ресурсын Ресейге қарсы қойып жандандырады. Әйтеуір, Ресейдің Белоруссиядан басқа , Украина атты бас ауруы бар. Ресейдің одан басқа Сириялық проблемасы тағы бар. Ең бастысы Ресейдің бізге қолы жетпейді-ау деймін, – деді ол өз сөзінде.

Сонымен қатар, саясаттанушының ойынша алдағы уақытта көрші елдің экономикасы одан сайын құлдырап, тұрмыс сапасы төмендей түспек.

– Жақын болашақта Ресейде тұрмыс одан сайын төмендейді. Ресей орыстары қазақ даласына көшіп келем десе не істейсің? Ресей орысына бізді тағы да отарлауға жол ашпау керек. Есесіне Ресей қазақтары атамекенге көбірек қайтар, тек олар бізбен ана тіліміде сөйлесе алса. Жақында бір мосқал қазақ Ресейден келдім, орысша сөйлеуге құқығым бар деді. Мен үндемедім, оралман бауырымды ренжіткім келмеді. Израильге көшіп келген Ресей еврейлері талассыз, ренжусіз ивритке өтеді. Олар идишті, ағылшыншаны, орысшаны Атамекен-Израильде де талап етпейді, себебі керемет ұлтжанды. Құдай елімізді бәлекеттен сақтасын, – деп түйіндеді сөзін Әзімбай Ғали.

Newsasia.kz 

Check Also

Нұрсұлтан Назарбаев: Елімізде саяси бәсеке бар

Елбасы «Nur Otan» партиясы кандидатының Республикалық қоғамдық штабының мүшелерімен кездес…