Home Басты жаңалық Курил аралдары Жапонияға беріле ме? Путиннің саяси өкілі пікір білдірді

Курил аралдары Жапонияға беріле ме? Путиннің саяси өкілі пікір білдірді

Ресей Президентінің Қиыр шығыстағы федералды аймағы бойынша саяси өкілі Юрий Трутнев Владимир Путин мен Синдзо Абэ арасында өрбіген Курил аралдарын Жапонияға қайтару мәселесі жөнінде пікір білдірді.

Бұл туралы newsasia.kz ақпарат агенттігі ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Оның сөзінше, екі ел басшылары Курил аралдарындағы өзара серіктес экономикалық іс-қимылдарды талқылаған. Ресей тарапы Жапон мемлекеті бұдан кейін де аймаққа инвестиция құя алатынын мәлімдеген болатын.

«…Путин мен Абэ арасында болған әңгіме барысында Курил аралдарын Жапонияға беру туралы ешқандай мәселе көтерілмеді», — деді Трутнев.

Check Also

Шыдамдылық пен ұстамдылықты балалардан үйренуіміз керек – омбудсмен Айтпаева

2019 жылы 16 мамырда Сенат депутаты, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі …