Home Экономика «Панама архивінде» Дариға Назарбаеваның аты тағы да аталды
Экономика - 22.06.2018

«Панама архивінде» Дариға Назарбаеваның аты тағы да аталды

Сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы (Organised Crime and Corruption Reporting Project, OCCRP) панамалық Mossack Fonseca заң фирмасының әлемдегі саясаткер, бизнесмен және әйгілі адамдардың офшор-шоттары жайлы ақпаратын растайтын тағы бір құжат жариялады. Зерттеу 2016-2017 жылғы деректерді қамтыған.

Азаттық радиосы хабарлағандай, бұл зерттеуде ҚР Сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаеваның да аты аталады.

Жаңа құжатта «Дариға Назарбаева – 2007 жылдан бері британдық Виргин аралдарында тіркелген Asterry Holdings LTD офшорлық компаниясының тең қожайыны. Ол осы компания арқылы Қазақстандағы кондитерлік бизнестің активтерін иеленіп отыр» деп жазады.

Зерттеу компаниясы Назарбаеваға ресми сауал жолдағанымен, жауап ала алмаған, – деп жазды Азаттық.

Check Also

«Мына әкімдер қауіпті»: Иманғали Тасмағанбетовті Ресейдегі «айдаудан» алдыру керек – Қазыбек Иса

ҚАУІПТІ АЙМАҚТАРДАҒЫ ҚАУІПТІ ӘКІМДЕР Қазақ Елі осыдан 28 жыл бұрын Тәуелсіздік алғанын біл…