Home Басты жаңалық Нұрсұлтан Назарбаев Зимбабве Республикасының Президенті Эммерсон Мнангагвамен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Зимбабве Республикасының Президенті Эммерсон Мнангагвамен кездесті

Қазақстанға ресми сапармен келген Зимбабве Республикасының Президенті Эммерсон Мнангагваны салтанатты қарсы алу рәсімінен кейін кеңейтілген құрамдағы келіссөз өтті, – деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы қарым-қатынастарды ілгерілетудің маңыздылығын атап өтіп, ықпалдастықты одан әрі дамытудың негізгі бағыттарына арнайы тоқталды.

– Біз сыртқы саясатымызда, соның ішінде Африка бағытында кең ауқымды сауда қарым-қатынастарын дамытуға және халықаралық бастамаларды өзара қолдауға ұмтылатын боламыз, – Қазақстан Президенті.

Зимбабве Республикасының Президенті Қазақстанға ресми сапармен келуге мүмкіндік туғызып, Зимбабве делегациясына қонақжайлылық көрсеткені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.

Кездесу барысында тараптар ауыл шаруашылығы мен тау-кен өнеркәсібі салалары бойынша екі жақты ынтымақтастық орнату, сондай-ақ Зимбабвенің көлік-логистика желісін жаңғырту және қайта өңдеу ісінде бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Check Also

Шыдамдылық пен ұстамдылықты балалардан үйренуіміз керек – омбудсмен Айтпаева

2019 жылы 16 мамырда Сенат депутаты, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі …