пашинян
Home Саясат Никол Пашинян Армения премьер-министрі болып тағайындалды
Саясат - 14.01.2019

Никол Пашинян Армения премьер-министрі болып тағайындалды

Никол Пашинян Арменияның премьер-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды inform.kz.

«Конституцияны басшылыққа ала отырып, Никол Пашинян Армения Республикасының премьер-министрі болып тағайындалсын», – делінген президенттің жарлығында.

Армения конституциясына сәйкес, ел президенті жаңадан сайланған Ұлттық жиналыстың уәкілеттік мерзімі басталғаннан кейін парламентте көпшілік ұсынған үміткерді премьер-министр етіп тағайындайды.

Министрлер кабинеті премьер тағайындалғаннан кейін он бес күн ішінде құрылады. Бұдан кейін үкімет басшысы 20 күннің ішінде Ұлттық жиналысқа министрлер кабинетінің бағдарламасын ұсынуы тиіс.

Check Also

Нұрсұлтан Назарбаев: Елімізде саяси бәсеке бар

Елбасы «Nur Otan» партиясы кандидатының Республикалық қоғамдық штабының мүшелерімен кездес…