Home Басты жаңалық Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, – деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекеттер басшылары екі жақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ күн тәртібінің өңірлік және халықаралық өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Сонымен қатар, екі ел көшбасшылары алдағы кездесулер кестесін қарастырып, Санкт-Петербургте өтетін Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысына және ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми саммитіне әзірлік барысын талқылады.

Check Also

Нұрсұлтан Назарбаев: Елімізде саяси бәсеке бар

Елбасы «Nur Otan» партиясы кандидатының Республикалық қоғамдық штабының мүшелерімен кездес…