шырша. жаңа жыл, видео
Home Қоғам Кішкентай баланың үстіне бес метрлік шырша құлап кетті – сұмдық видео
Қоғам - 03.01.2019

Кішкентай баланың үстіне бес метрлік шырша құлап кетті – сұмдық видео

Өзбекстанда бес метрлік жаңа жылдық шырша кішкентай баланы басып қалды.

Желіде кез келген адамды селк еткізетін видео жарияланды. Ағаш жолдың ортасында баланың үстіне құлап түсті, деп жазды Sputnik.

Видеода жаңа жылдық шыршаның жанында бірнеше бала жүгіріп ойнап жүргені көрінеді.

Бір кезде балалардың бірі шыршаның әшекейін алмақшы болады. Гирлянданы тартып қалғанда, алып шырша оның үстіне құлап кетеді. 

Жаңа жылдық шырша баланы толығымен жауып қалды. Жантүршігерлік оқиғаға куә болған Өзбекстан тұрғындары дереу балаға жүгіріп барып, оны шығарып алған. Абырой болғанда бала ауыр жарақат алмаған. 

Видео әлеуметтік желілерде жылдам таралып кетті.

Check Also

Асқар Мамин: Жұмысшылардың құқықтарының кемсітілуіне жол бермеу керек

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Қазақстанның жетекші өнеркәсіптік өңірлері…