Home Қоғам Кутузовтың қазақ Тәуелсіздігіне қандай еңбегі сіңді? (ВИДЕО)
Қоғам - 06.05.2018

Кутузовтың қазақ Тәуелсіздігіне қандай еңбегі сіңді? (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде белгісіз қазақ жігітінің көше атауларын ауыстыру мәселесі бойынша жалынды сөз сөйлеген видеосы жарияланды. Аталмыш жазбада ол Кутузов көшесін ауыстыруға қарсы шыққандарға Ресей тілінде Тәуелсіздіктің не екенін, қазақтың кім екенін тайға таңба басқандай түсіндіріп берді.

Бұл туралы newsasia.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеоны әлеуметтік желіге қоғам қайраткері Түсіпхан Түсіпбекұлы жариялады.

– Кутузов көшесін ауыстыруға қарсы шыққандарға жауап бергім келіп түр. Алдымен, Тәуелсіздік деген не екенін біліп алыңыздар! Тәуелсіздік деген – ғасырлар бойы қан төгіп, киелі жерімізді қорғап келген бабалар арманы. Тәуелсіздік деген – 500 жылдан астам уақыт бұрын Қазақ хандығының іргесін қалаған Керек мен Жәнібек хандар. Тәуелсіздік деген – үш жүздің басын қосқан Абылай хан. Тәуелсіздік деген – Ұлы отан соғысында қасық қанын аямай жаумен шайқасқан Бауыржан Момышұлы. Тәуелсіздік деген – «Алашорда» көсемі Әлихан Бөкейхан. Тәуелсіздік деген – қазіргі Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев. Ал, енді осы ұлы тұлғаларымыздың қасында Кутузов деген кім? Оның ұлы Тәуелсіздігімізге қандай еңбегі сіңіп еді?! – деді видеодағы ер адам.

Пікір қалдырушылардың айтуынша, бұл Павлодар қаласындағы қоғамдық талқылау барысында түсірілген бейне жазба секілді.

Еске сала кетейік, өткен айда Павлодар қаласында Кутузов көшесін Тәуелсіздік даңғылы деп өзгерту бойынша қоғамдық тыңдаулар өткен болатын.

Check Also

Нұрсұлтан Назарбаев: Елімізде саяси бәсеке бар

Елбасы «Nur Otan» партиясы кандидатының Республикалық қоғамдық штабының мүшелерімен кездес…