Home Қоғам Жаңа iPhone XS пен iPhone 9 смартфондарының қанша тұратыны белгілі болды
Қоғам - 06.09.2018

Жаңа iPhone XS пен iPhone 9 смартфондарының қанша тұратыны белгілі болды

iPhone смартфондарының бағасы 799 евордан басталады. будет начинаться от 799 евро. Бұл туралы Apple компаниясындағы дереккөзге сүйеніп Macerkorf басылымы жазды, – деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа iPhone XS, iPhone XS Max және iPhone 9 смартфондарын таныстыру рәсімі қыркүйек айының 12-де өтеді. Алайда, қазірдің өзінде аналитиктер өз дереккөздеріне сүйене отырып, олардың шартты бағасын жарыса жазуда.

Сонымен,  iPhone смартфонының кіші модельдерінің бағасы (iPhone 9) 799 евро, iPhone XS — 909 евро, iPhone XS Plus — 1149 евро болады деп болжануда. Басылымның мәліметінше, бұл жадының көлемі 64 ГБ құрайтын модельдердің бағасы.

Ал, 256 ГБ жады бар смартфон үшін тағы да қосымша 170 евро төлеу керек болады. Сонымен бірге, Apple компаниясы жад көлемі 512 ГБ құрайтын смартфондарды да таныстырады деп күтілуде.

Check Also

Жалақы өсіруге 144 млрд теңгеден аса қаржы бөлінді

Биыл елде азаматтық қызметкерлердің жалақысын өсіруге 144 млрд теңгеден астам қаржы бөлінд…