Home Саясат Жапония Сирияға гуманитарлық көмек ретінде 5 млн доллар бөлді
Саясат - 05.12.2018

Жапония Сирияға гуманитарлық көмек ретінде 5 млн доллар бөлді

Жапония Дамаск қаласын қалпына келтіруге және Хараста ауданындағы халыққа гуманитарлық көмек ретінде 557 млн йен (5 млн доллар) бөлді. Бұл туралы Жапонияның Сириядағы елшілігі мәлімдеді, – деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.

Баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, Жапония үкіметі аталмыш қаржыны БҰҰ-ның Даму бағдарламасы аясындағы «Шығыс Гутадағы тіршілік көзін қалпына келтіру» жобасы бойынша бөліп отыр.

Бөлінген қаржы үш бағыт бойынша жұмсалады: Базалық гуманитарлық инфрақұрылымды дамыту, соның ішінде Хараста ұлттық емханасы мен мектебін қалпына келтіру,  әлеуметтік осал топтарға әлеуметтік-экономикалық көмек көрсету және Шығыс Гутадағы қауіпсіздік шараларын күшейту.

Атап өтейік, 2012 жылдан бері Жапонияның Сирияға жасаған қаржылай гуманитарлық көмектің жалпы сомасы 445 млн долларды құрап отыр.

Check Also

Желіде Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны шықты

Димаш Құдайбергеннің су жаңа Couldn’t Leave («Кете алмаймын») атты әні жарық көрді, ол Қыт…