Home Басты жаңалық Ердоған Путиннен Украин теңізшілерін босатуды сұрады

Ердоған Путиннен Украин теңізшілерін босатуды сұрады

Түрік Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путинге Керчь бұғазында тұтқындалған украиналық теңізшілерді босату туралы өтініш білдіргенін айтты.

Бұл туралы newsasia.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

– Бұл оқиғадан кейін мен екі тараппен де сөйлестім. Путинмен Аргентинадағы саммитте бұл мәселені талқыладық. Порошенкомен телефон арқылы сөйлестік, – деді Ердоған.

Түрік лидері Мәскеудің бұл өтінішті дұрыс қабылдап, оң шешім шығарады деп сенім білдіреді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Миланда өткен баспасөз мәслихатында Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров сот шешімі шыққанға дейін украиналық теңізшілерді босатылмайтынын хабарлаған болатын.

Check Also

Асқар Мамин: Жұмысшылардың құқықтарының кемсітілуіне жол бермеу керек

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Қазақстанның жетекші өнеркәсіптік өңірлері…