Home Басты жаңалық Ердоған Керчь бұғазындағы шиеленісті шешудің жолын атады

Ердоған Керчь бұғазындағы шиеленісті шешудің жолын атады

Керчь бұғазындағы оқиға «Норман төрттігі» кездесуінде шешілуі тиіс, деп мәлімдеді Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.

Бұл туралы newsasia.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Мен Ресей Федерациясы және Украина президенттерімен осы оқиға туралы сөйлестім: төрт ел – Германия, Франция, Ресей және Украина – бұл кездесуде жағдайды шешу үшін жаңа процесстерді бастайды деп сенемін», – деді Ердоған Аргентинада өткен G20 саммиті аясында NTV арнасының тілшісіне.

Бұған дейін, Германия Сыртқы істер министрлігінің өкілі Райнер Брюл саяси директорлар деңгейіндегі «Норман форматындағы» кездесу Керчь бұғазындағы жағдайды реттеуге бағытталады деп мәлімдеген еді.

Еске сала кетейік, 25 қарашада Ресей шекарашылары Керчь бұғазында Украинаның үш әскери кемесіне оқ атып, экипажымен қоса тұтқындаған. Шабуылда украиналық 24 теңізші ұсталып, кейін олардың үшеуі екі айға қамалған.

Ресей билігі украиналық кемелерді шекарадан заңсыз өтпек болды деп айыптады. Өз кезегінде Киев Ресей билігін арандату әрекетін жасады деп айыптап, оқиғаны «басқыншылық» деп атады.

Check Also

Желіде Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны шықты

Димаш Құдайбергеннің су жаңа Couldn’t Leave («Кете алмаймын») атты әні жарық көрді, ол Қыт…