Home Басты жаңалық Елбасы қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады

Елбасы қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бұл – жақсылық пен әділдікті, жақын жандарға деген мейірім мен сүйіспеншілікті дәріптейтін, жоғары гуманистік идеалдарға деген сенімді нығайтатын мейрам», – деді Президент құттықтауында.

Мемлекет басшысының сөзінше, қазақстандықтар бір-бірін басты рухани мерекелермен құттықтай отырып, әркімге түсінікті және әр адамның жанына жақын адами құндылықтардың тұтастығын танытады.

«Біздің азаматтарымыз бәрімізге ортақ бейбітшілік, бірлік, конфессияаралық келісім және басқа да көптеген маңызды жетістіктерімізді мақтан ете алады. Бүгінде түрлі дін өкілдері өзара түсіністікті нығайтуға және қазіргі Қазақстан қоғамының тұрақты дамуына елеулі үлес қосуда», – деген Мемлекет басшысы барлық қазақстандықтарға зор денсаулық, баянды бақыт тіледі.

Check Also

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жер шетелдіктерге сатылмайды!

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысып, бірқатар келелі…