Елбасы, Табыс, орташа жалақы, тұрғын үй, құрылыс, баспана
Home Басты жаңалық Елбасы еліміздегі бір отбасының орташа табысы жарты миллион теңгені құрайтынын айтты

Елбасы еліміздегі бір отбасының орташа табысы жарты миллион теңгені құрайтынын айтты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев БАҚ өкілдері берген сұхбаты барысында қолжетімді баспана мәселесіне қатысты сауалға жауап бере отырып, Қазақстанда бір отбасының орташа табысы 500 мың теңгені құрайтынын айтты, – деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.

«Тұрғын үй салуды ешқашан тоқтатқан емеспіз, сонда да проблеманың жойылатын түрі жоқ. Бір жағынан бұл жақсы – демек, халық көбейіп жатыр, сұраныс артуда… Бұрын банкте тұрғын үйдің 50%-іне дейін жинау керек болатын, қазір — 20%, мөлшерлеме азаматтар үшін 7% болады, кредит төлеу мерзімі –25 жыл», — деді Елбасы өз сөзінде.

Сонымен қатар, Президент егер отбасы құны 10 миллион теңге болатын пәтерді сатып алса, ай сайынғы төлемі 50 мың теңге болатынын атап өтті. 

«Егер пәтер 10 млн тұратын болса, отбасы ай сайын 50 мың теңге төлеуі қажет. Алайда, қазір қазақстандықтар орташа есептегідей 500 мың жалақы алса, оның 50 мың теңгесін ипотекаға төлеуі аса қатты тиімсіз емес», – деді Назарбаев.

Check Also

Нұрсұлтан Назарбаев: Елімізде саяси бәсеке бар

Елбасы «Nur Otan» партиясы кандидатының Республикалық қоғамдық штабының мүшелерімен кездес…