Home Қоғам Дәрігерлердің көбі жұмыстан кеткісі келеді – Елжан Біртанов
Қоғам - 05.09.2018

Дәрігерлердің көбі жұмыстан кеткісі келеді – Елжан Біртанов

Сот шешімі шықпай жатып, дәрігерлерді дерексіз айыптайтындар кәсіби білікті мамандардың ығырын шығарады, – деді Денсаулық сақтау министірі Елжан Біртанов, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Негізінде, дәрігерлердің көбі жұмыстан кеткісі келеді. Мен арнайы медициналық мекемелерде болып, дәрігерлермен сөйлестім. Ауыр жағдай екені түсінікті, барлығы қылмыстық қудалаудан қорқады. Дерексіз дәріігерлерді қылмыстық қудалаған сәттер болды. Білікті де тәжірибелі мамандар осындай дерексіз айыптаулардан әбден қажыған, сол себепті осы мәселені жіті бақылауымыз керек. Кейін біз оларды таппай қаламыз, осылайша жағдайды ушықтырамыз», – деді министр.

Сонымен қатар, Біртанов дәрігерлерді жұмысқа алу және жұмыстан босату істерімен әкімдік айналысатынын айтты. 5 тамызда Астанадағы № 1 перинаталдық орталықтың бас дәрігері жыл басынан бері төрт әйелдің қайтыс болуына байланысты өз еркімен қызметінен кеткені туралы белгілі болды. Сараптама нәтижесінде, төртеудің үш жағдайында адам қолынан ештеңе келмейтін болып шыққан.

Check Also

«Мына әкімдер қауіпті»: Иманғали Тасмағанбетовті Ресейдегі «айдаудан» алдыру керек – Қазыбек Иса

ҚАУІПТІ АЙМАҚТАРДАҒЫ ҚАУІПТІ ӘКІМДЕР Қазақ Елі осыдан 28 жыл бұрын Тәуелсіздік алғанын біл…