Ердоған, Трамп, АҚШ, Түркия, Сирия, ИГИЛ, Соғыс
Home Басты жаңалық Дональд Трамп: Ердоған Сириядағы ИГИЛ-дің көзін толықтай жояды

Дональд Трамп: Ердоған Сириядағы ИГИЛ-дің көзін толықтай жояды

Түрік президенті Сириядағы ИГИЛ терроршыларының көзін құрта алады. Сириядан АҚШ сарбаздары шығарылатынын айтқан Дональд Трамп Ердоғанға осындай баға берді, – деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.

АҚШ президенті  Дональд Трамп Түрік лидері Режеп Тайып Ердоғанның Сириядағы «Ислам мемлекеті» терроршыларының көзін жоятыны  туралы жоспарымен бөліскенін мәлімдеді.

«Түркия президенті Ердоған Сириядағы ИГИЛ-мен қатысы бардың бәрін толықтай жоятынын айтты маған… Бұл іс оның қолынан келеді. Оған қоса Түркия Сириямен көршілес десек те болады. Біздің сарбаздар үйлеріне оралады!», – деді Трамп өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Еске сала кетейік, желтоқсанның 19-күні Дональд Трамп АҚШ сарбаздары Сириядан шығарылатыны туралы мәлімдеген болатын.

Check Also

«Мына әкімдер қауіпті»: Иманғали Тасмағанбетовті Ресейдегі «айдаудан» алдыру керек – Қазыбек Иса

ҚАУІПТІ АЙМАҚТАРДАҒЫ ҚАУІПТІ ӘКІМДЕР Қазақ Елі осыдан 28 жыл бұрын Тәуелсіздік алғанын біл…