Home Спорт Дмитрий Баландин Словенияда төртінші алтын медаль жеңіп алды
Спорт - 11.03.2019

Дмитрий Баландин Словенияда төртінші алтын медаль жеңіп алды

Словенияда жүзуден әлем чемпионатына және Олимпиада ойындарына іріктеу сайысы саналатын халықаралық турнирдің екінші жарыс күні аяқталды. Қазақстандық  Дмитрий Баландин төртінші «алтынына» қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінен мәлім еткендей, 2016 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Баландин 100 метрге брасс әдісімен жүзуден топ жарды.

Сондай-ақ, Диана Назарова 50 метрге, Анастасия Резванцева 200 метрге шалқалап жүзуден турнирдің алтын медаліне қол жеткізді.  Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен, Аделина Пчелинцева 100 метрге брасс әдісімен жүзуден екінші орын иеленгенін айта кеткен жөн.

Ерлер арасындағы кешенді эстафетада Әділ Қасқабай, Әділбек Мусин, Дмитрий Баландин мен Александр Варакин төрттігі чемпион атанса, қыздар командасы дәл осы бағдарламада күмістен алқа тақты.

Еске сала кетейік, алғашқы жарыс күнінде қазақстандық жүзгіштер 11 медаль жеңіп алды.

Check Also

Ақтауда кішкентай қызды көліктен итеріп құлатқан өзінің ағасы болып шықты (видео)

Ақтауда оқушы қызға дөрекілік көрсеткен ер адамның әрекеті көпшіліктің наразылығын туғызды…