Home Басты жаңалық Бішкек тұрғындары Қытай елшілігі алдында митингке шықты

Бішкек тұрғындары Қытай елшілігі алдында митингке шықты

Бішкек қаласындағы Қытай елшілігінің алдында «Кирк Чоро» қоғамдық ұйымы митинг өткізді. Шара қатысушылары ҚХР-нан этникалық қырғыздарды қудалауды тоқтатып, оларды концлагерьлерден босатуды талап етті, – деп хабарлайды kaktus.media.

«Кирк Чоро» өкілдері елшілік өкілдеріне және Қырғызстан үкіметіне бірқатар сұрақ қойып, биліктің жауап беруін талап еттті.

– Қырғызстандықтар шынымен концлагерьлерге қамалды ма, Қытай елшілігі бұл туралы шын ақпарат берсін, – дейді демонстранттар.

Сонымен қатар, митингке шыққандар қолдарында нақты ақпарат жоқ екенін алға тартып, барлық деректерді ғаламтордан алғандарын айтты.

«Үкімет бұл мәселенің ақ-қарасын анықтап берсін, егер бұлай емес болса, онда адамдар тыныш болсын, бізді алаңдатпасын, егер шын болса, онда іс-қимыл жасасын», – дейді жиналғандар.

Check Also

Нұрсұлтан Назарбаев: Елімізде саяси бәсеке бар

Елбасы «Nur Otan» партиясы кандидатының Республикалық қоғамдық штабының мүшелерімен кездес…