Home Мәдениет Белгілі экстрасенс Ерке Есмаханға қатысты құпияны ашты
Мәдениет - 21.01.2019

Белгілі экстрасенс Ерке Есмаханға қатысты құпияны ашты

Белгілі экстрасенс отандық жұлдыздардың өміріне болжам жасады. Назгүл Ермекқызының айтуынша, биыл Ерке Есмахан үшін сәтті жыл болайын деп тұр. Өнер иесі бақытын тауып, тұрмысқа шығуы мүмкін.

Бұл туралы Stan.kz “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасына сілтеп хабарлайды.

“Еркенің аурасы өте таза. 2019 жылдың аяғы мен 2020 жылдың басында отбасын құру деген сияқты өзгерістер енуі керек”, – дейді көріпкел.

Назгүл Ермекқызы Дәурен мен Ақбота-Нұрдың отбасына болжам жасаудан бас тартты. Айтуынша, екеуінің бірінің энергетикасы дұрыс емес.

Сондай-ақ, экстрасенс Ақбота Керімбековаға қатысты болжам жасағысы келмейтінін кесіп айтты.

“Өте агрессияшыл, өте негативті адам”, – деп түсіндірді бұл қылығын ол.

Check Also

Нұрсұлтан Назарбаев: Елімізде саяси бәсеке бар

Елбасы «Nur Otan» партиясы кандидатының Республикалық қоғамдық штабының мүшелерімен кездес…