Алтай Көлгінов, БҚО
Home Басты жаңалық Батыс Қазақстандағы Зеленов ауданының атауы Бәйтерек болып өзгерді

Батыс Қазақстандағы Зеленов ауданының атауы Бәйтерек болып өзгерді

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының атауы Бәйтерек болып өзгерді, деп хабарлайды inform.kz.

ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы қаулысына сәйкес, БҚО-дағы Зеленов ауданы бұдан былай Бәйтерек деп аталатын болды. Осыған орай бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов ауданда болып, ардагерлер, жастар және зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, жұртшылықты қуанышты оқиғамен құттықтады.

Өңір басшысы Елбасы тапсырмаларына орай облыста көптеген жұмыстар жасалғанын атап өтті. Соның ішінде ауданның үстімен өтетін Орал-Тасқала-РФ шекарасы жолы пайдалануға берілді. Жол салу, су, газ құбырын тарту жұмыстары биыл да жалғасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зеленов ауданының атауын өзгерту туралы ұсыныстың депутаттар тарапынан қолдау тапқанын жазған болатынбыз.

Check Also

Нұрсұлтан Назарбаев: Елімізде саяси бәсеке бар

Елбасы «Nur Otan» партиясы кандидатының Республикалық қоғамдық штабының мүшелерімен кездес…