Елбасы, Назарбаев, Сайлау, Саясат
Home Басты жаңалық «Барлығы белгілі»: Назарбаев келесі Президент сайлауы қашан өтетінін айтты

«Барлығы белгілі»: Назарбаев келесі Президент сайлауы қашан өтетінін айтты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жыл қорытындысы бойынша журналистерге берген сұқбаты аясында келесі Президент және Парламент сайлаулары туралы айтып өтті, – деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.

«Барлық мерзім анықталған, барлығы белгілі. Соған қарамастан, егер бізде аулада, балалар алаңында жөндеу жұмыстары басталса болды, «сайлау таяп қалды» деп ойлайды. Парламент бойынша айтсам, оларды мерзімінен бұрын сайлайтындай ешқандай мәселе жоқ. Олар өздерінің заңнамалық рөлін атқарып келе жатыр. Кеше ғана жылды қорытындылады. Біз ұсынып отырған жаңалықтар, жаңа бағдарламалар, бағыттар заңнамалық жағынан жақсы қамтамасыз етіліп келе жатыр. Біз Конституцияға өзгеріс енгіздік. Елімізде 7 партия қызмет етіп келеді. Қазір партиялық тізім бойынша жер-жерлерде мәслихаттар сайланады. Сондықтан, Парламенттің мерзімі – 2021 жыл. Осы уақытта сайланады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еске сала кетейік, осыған дейін белгілі саясаттанушы Әміржан Қосанов newsasia.kz ақпарат агенттігінің тілшісіне кезекті Президент сайлауы 2019 жылы өтуі мүмкін деп мәлімдеген болатын.

Check Also

Асқар Мамин: Жұмысшылардың құқықтарының кемсітілуіне жол бермеу керек

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Қазақстанның жетекші өнеркәсіптік өңірлері…