Home Басты жаңалық АҚШ Мемлекеттік департаменті Ресейді Украинадағы сайлауға араласты деп айыптады

АҚШ Мемлекеттік департаменті Ресейді Украинадағы сайлауға араласты деп айыптады

АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Ресей Федерациясы «ең жоғары деңгейде» Украинадағы президенттік сайлауға кедергі келтіріп отырғанын айтты, – деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.

– Біз Ресей тарапының Украинадағы сайлау науқанына өте жоғары деңгейіде араласып жатқанын көріп отырмыз. АҚШ Мемлекеттік департаменті украиндықтарға үлкен тәжірибелік көмек көрсетуде, біздің офисіміз өте белсенді, біз Украинаның киберқауіпсіздігін жақсартуға көмектесеміз, – деп келтіреді АҚШ өкілінің сөзін «Рамблер» басылымы.

АҚШ өкілінің мәлімдемесін Мемлекеттік департаменттің баспасөз қызметі бейнебаян түрінде таратқан. Бөлім өкілінің аты-жөні көрсетілмеген, бірақ өкіл мәлімдеме аясында өзінің АҚШ-Украина стратегиялық әріптестік комиссиясының тең төрағасы болып табылатынын атап өтті.

Еске сала кетейік, Америкалық тараптан осы комиссияны Мемлекеттік хатшы Майк Помпео, Украина тарапынан Сыртқы істер министрі Павел Климкин  басқарды.

Check Also

Нұрсұлтан Назарбаев: Елімізде саяси бәсеке бар

Елбасы «Nur Otan» партиясы кандидатының Республикалық қоғамдық штабының мүшелерімен кездес…