Home Саясат Ауғанстанда талибандардың бас қолбасшысының көзі жойылды
Саясат - 03.12.2018

Ауғанстанда талибандардың бас қолбасшысының көзі жойылды

«Талибан» жетекшісі Абдул Манан Хелманд провинциясындағы топты басқарған. Ол өзге 29 террористпен бірге қаза тапты.

Ауғанстанның оңтүстігіндегі Хелманд провинциясында Ауғанстан мен АҚШ арнайы күштерінің бірлескен операциясы кезінде талибтердің командирі қаза тапты, деп хабарлайды newsasia.kz агенттігі.

Хелманд провинциясында бүлікшілер тобын басқарған «Талибан» террор ұйымының жетекшісі Абдул Манан Навзад ауданындағы жергілікті командирлер мен жауынгерлермен кездескен кезде, 29 басқа терроршылармен бірге қаза болды.

Оның өлімін жақтастар өкілі Забылуллем Мужахид және АҚШ әскері растады.

Айта кетейік, осыған дейін Ауғанстанда террористік шабуылды ұйымдастырмақ болған 37 талибан өздері жарылып кеткен еді. Ал, 4 қарашада терроршылар Таринкот қаласындағы үкіметтің әскери базасын басып алған болатын.

Check Also

Шыдамдылық пен ұстамдылықты балалардан үйренуіміз керек – омбудсмен Айтпаева

2019 жылы 16 мамырда Сенат депутаты, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі …