Home Басты жаңалық Атырау әкімі 57 млн теңгеге мемлекет есебінен қызметтік пәтер сатып алған

Атырау әкімі 57 млн теңгеге мемлекет есебінен қызметтік пәтер сатып алған

Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлы мемлекет қазынасынан 57 млн теңгеге пәтер сатып алды, деп хабарлайды КТК.

Қала әкімі үшін пәтер қараша айында сатып алынған. Әкім 5 бөлмелі әрі аумағы 170 шаршы болатын баспана керек екенін атап көрсеткен. Алайда баспана әкімнің меншігіне берілген жоқ. Қазір тексеріс жүріп жатқандықтан өтпеуі де мүмкін.

Әлимұхаммед Құттымұратұлы қалаға әкім болып шілде айында тағайындалды. Оның өз басында пәтері болғандықтан қызметтік пәтер берілмейтін болды. Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі осылай деп көрсетті.

“Облыстық әкімдік баспанаға қатысты келісім шартты бұзды. Аталған қаржы қаланың қажеттілігіне жұмсалады. Ал мұндай қаражатқа үй сатып алған жауаптылар жазасыз қалмайды”, – деді Атырау облысы әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі Серікжан Ерментаев.

Check Also

Нұрсұлтан Назарбаев: Елімізде саяси бәсеке бар

Елбасы «Nur Otan» партиясы кандидатының Республикалық қоғамдық штабының мүшелерімен кездес…