Home Саясат Атырау облыстық ІІД басшысы казинода түсірілген видеоға қатысты түсінік берді
Саясат - 23.08.2018

Атырау облыстық ІІД басшысы казинода түсірілген видеоға қатысты түсінік берді

Қазнетте Атырау облыстық ІІД басшысы Аян Дүйсембаевтың казинода ойнап жатқаны түсірілген видео талқыланып жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ өкілдері жоғары лауазымды полицей түсірілген видеожазбаны тексерді. Аян Дүйсембаевтың айтуынша, бұл оқиға 2014 жылдың қазанында болған.

«Сол кезде Атырау облыстық ІІД басшысының бірінші орынбасары қызметінде болған Дүйсембаев досымен бірге Минскіде болған. Оның досы ойын мекемесіне өзінің танысын ертіп келген. Ал досының әйелі оның бұл әрекетіне қарсы болған. Оны тоқтату үшін әйелі Дүйсембаевтан казиноға келуін сұраған. Дүйсембаев өзі ойнамаған. Оған 2014 жылдың қазан айында жүргізілген тексеріс дәлел бола алады», – деді ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев.

https://youtu.be/oASkGEJRLaA

Check Also

«Мына әкімдер қауіпті»: Иманғали Тасмағанбетовті Ресейдегі «айдаудан» алдыру керек – Қазыбек Иса

ҚАУІПТІ АЙМАҚТАРДАҒЫ ҚАУІПТІ ӘКІМДЕР Қазақ Елі осыдан 28 жыл бұрын Тәуелсіздік алғанын біл…