Қайсар Жанаханов, Пара, Жемқорлық
Home Саясат Атырау облыстық білім басқармасының басшысы мен сыбайластары қамауға алынды
Саясат - 09.01.2019

Атырау облыстық білім басқармасының басшысы мен сыбайластары қамауға алынды

Атырауда облыстық білім басқармасының басшысы мен оның сыбайластары тергеу оқшаулағышына қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаменті хабарлағандай, соттың шешімімен облыстық білім басқармасының басшысы Қайырғали Кенжеғалиев пен, оның орынбасары Роза Қабдұлованы, сондай-ақ Н.Тілендиев атындағы кіші өнер академиясы жанындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының бас есепшісі Назымгүл Мәжітованы екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, тергеу оқшаулағышына қамалды. Оларға қатысты ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Еске салайық, Атырау облыстық әкімдігінде білім басқармасының басшысы Қайырғали Кенжеғалиевтің ұсталуына қатысты түсінік берген еді. Таяу уақытта әкімдіктің барлық басқармаларында ішкі аудит жүргізіледі.

Check Also

Нұрсұлтан Назарбаев: Елімізде саяси бәсеке бар

Елбасы «Nur Otan» партиясы кандидатының Республикалық қоғамдық штабының мүшелерімен кездес…