Әкімдік, Астана, Бақыт Сұлтанов, Такси
Home Басты жаңалық Астана әкімдігі шенеуніктердің таксимен жүруі үшін 380 млн теңге бөлді

Астана әкімдігі шенеуніктердің таксимен жүруі үшін 380 млн теңге бөлді

Астана әкімдігі қызметтік көліктерден бас тартып, тек қоғамдық такси қызметін пайдаланады. Шенеуніктердің таксимен жүруі үшін биыл 380 млн теңге бөлінді, – деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі «Астана» арнасына сілтеме жасап.

– Әкім, оның орынбасарлары мен аудан әкімдеріне белгілі бір такси жүргізушілері тіркелген. Ал, қалған әкімдік шенеуніктері барлығы секілді таксиге тапсырыс береді, – дейді Астана қаласы жүргізушілері Ассоциациясының атқарушы директоры Сәкен Ханкожин.

Ал, такси жүргізушілері болса күнделікті түстен тапсырыстың төрттен бір бөлігі шенеуніктерге тиесілі екенін атап өтті.

Биылғы жылы шенеуніктердің жайлы жүруіне 380 млн теңге жұмсалғаны белгілі болды. Алайда, әкімдік шенеуніктерінің қызметтік көліктерді пайдалануына бұрын 500 млн теңгеден астам қаражат жұмсалып отырған екен.

Әкімдік қызметкерлері осылайша бюджет қаржысын үндемдемек екен.

Check Also

Шыдамдылық пен ұстамдылықты балалардан үйренуіміз керек – омбудсмен Айтпаева

2019 жылы 16 мамырда Сенат депутаты, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі …