Home Қоғам Астананың ең үздік оқушысы «Абай жолының» авторын білмейтін болып шықты (ВИДЕО)
Қоғам - 27.04.2018

Астананың ең үздік оқушысы «Абай жолының» авторын білмейтін болып шықты (ВИДЕО)

«Таңшолпан» бағдарламасының жүргізушілері ұятқа қалды. Журналистер эфирге Астананың білімі үздік балаларын шақырып, оларға соңғы рет оқыған кітаптары жайлы сұрақ қойған.

Сол кезде оқушылардың бірі «Мағжан Жұмабаевтың «Абай жолы» романын бастадым, қазір үшінші томын оқып жатырмын» деп жауап берген.

Оқушының қателескенін көріп тұрып, оның қатесін түзетпеген жүргізушілер елдің сынына қалды. Желі қолданушылары білдей бір әнші Гүлнұр Оразымбетованың мұндай қатені түзетпегенін қатаң сынға алып жатыр.

Дереккөз: Reactor

Check Also

Сапарбаев: Кейбір отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек төлеуді тоқтатамыз

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мемлекеттік жәрдемақыны з…