Астана, депутат, қоғам, Динагүл Тасова
Home Қоғам Астанада төсін жалаңаштаған депутатты біреу сабап кетті
Қоғам - 24.12.2018

Астанада төсін жалаңаштаған депутатты біреу сабап кетті

Елордалық жастар мәслихатының депутаты, модель Динагүл Тасова желтоқсанның басында Fashion Night Astana сән көрсетілімінде ашық-шашық киіммен шыққаннан кейін соққыға жығылғанын мәлімдеді.

Бұл туралы sputniknews.kz хабарлады.

«Мен туралы жаңалық шыққаннан кейін, сынның астында қалдым. Әлдекім менің адамгершілік деңгейімнің төмендігін айтса, енді бірі ашық түрде қорлады. Менің Instagram-дағы аккаунтымды жаптыруға дейін барды, оның себебі – омырау», — деп жазды қыз.

Ол бұрын да ішкиіммен немесе сукиіммен көрсетілімдерге қатысқанын айтты.

«Мен модель ретінде жұмысымды жақсы атқарып жүрмін», — деді Динагүл.

Instagram-дағы жаңа парақшасында қыз тағы да ашық-шашық фотосын жариялады, онда денесі көгеріп тұрғаны байқалады. Модель жазбасында жақын санайтын адамы осылайша «қолдау» білдіргенін атап өтті.

Check Also

Нұрсұлтан Назарбаев: Елімізде саяси бәсеке бар

Елбасы «Nur Otan» партиясы кандидатының Республикалық қоғамдық штабының мүшелерімен кездес…