астана, автобус, астана лрт
Home Қоғам Астанада тағы да жолаушылар автобусы өртенді
Қоғам - 04.01.2019

Астанада тағы да жолаушылар автобусы өртенді

Автобус Бейбітшілік көшесіндегі «Аграрлық университет» аялдамасына қарама-қарсы жерде жанды, деп хабарлайды Елорда Инфо «Астана LRT» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Автобус 3 қаңтар күні Бейбітшілік көшесінің «Аграрлық университет» аялдамасына қарама-қарсы жерде жанды. Өрт №9 қоғамдық көліктің мотор бөлігінен шықты. Зардап шеккендер жоқ», – делінген компанияның хабарламасында.

Өрт автобус капотының ішкі қаптамасының қызуы себебінен орын алды.

«Жүргізуші жедел түрде жолаушыларды сыртқа шығарып, өрт сөндіру құралының көмегімен жанған өртті сөндірді», – делінген «Астана LRT» хабарламасында.

Оқиға орнына өрт сөндіру бригадасын шақырудың қажет болмады.

Техникалық көмек келгеннен кейін жолаушылар көлігі әрі қарай техникалық қызмет көрсету үшін автобус паркіне жөнелтілді.

Естеріңізге сала кетейік, Ш.Құдайбердіұлы даңғылында № 41 маршрут автобусы да өртенген болатын.

Check Also

Асқар Мамин: Жұмысшылардың құқықтарының кемсітілуіне жол бермеу керек

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Қазақстанның жетекші өнеркәсіптік өңірлері…