Home Қоғам Астанада су басқан көшеде қайықпен жүрген екі жігіт жазаланды (ВИДЕО)
Қоғам - 24.08.2018

Астанада су басқан көшеде қайықпен жүрген екі жігіт жазаланды (ВИДЕО)

Астанадағы су алып кеткен даңғылда үрлеме қайықпен жүзген ер адамдар жазаланды. Бұл туралы stan.kz хабарлады.

Нөсер жаңбыр кезінде елорда тұрғындары қайыққа отырып алған екі адамды байқаған еді.

Тәртіп сақшылары жігіттердің бұл әрекетін ұсақ бұзақылық деп бағалаған. Оларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 434-бабына сай хаттама толтырылған.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық соты “қайықшылардың” әрқайсысына 5 АЕК көлемінде (12 025 теңге) айыппұл салды.

Астана қаласында дүйсенбі күні нөсер жауын жауып, көшелерді су басып кетті. Тіпті бағдарлы автобустың салонына жаңбыр суы кіріп кеткен.

Кейінірек қала билігі тұрғындардан кешірім сұрап, жаңбыр канализациясы проблемасын 2019 жылы шешуге уәде берді.

Check Also

Желіде Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны шықты

Димаш Құдайбергеннің су жаңа Couldn’t Leave («Кете алмаймын») атты әні жарық көрді, ол Қыт…