Астана, Аяз, Ауа-райы, Мектеп, Колледж
Home Қоғам Астанада аязда үсіп қалған екі оқушы ауруханаға жеткізілді
Қоғам - 25.12.2018

Астанада аязда үсіп қалған екі оқушы ауруханаға жеткізілді

Колледждің екі студенті №2 қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Жасөспірімдерді ІІ және ІІІ дәрежелі үсік шалған, деп хабарлайды Елорда Инфо Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

​«Астанада 25 желтоқсандағы температураның төмендеуі бойынша 7 адам медициналық көмекке жүгінді. Оның ішінде ІІ және ІІІ дәрежелі үсік шалған екі жасөспірім (колледж студенттері) №2 қалалық балалар ауруханасына жатқызылды. Жасөспірімдердің жағдайы орташа дәрежеде», – делінген хабарламада.

Дәрігерлер мен мамандардың жедел жұмысының арқасында барлығына толық көлемде медициналық көмек көрсетіліп, үсік шалудың алды алынды. Қалғандарының барлығы тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық емделуге жіберілді.

Үсік шалып, қайтыс болғандар жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, кеше 24 желтоқсанда Астанада ауа температурасы минус 31 градусты көрсетті.

Астана қаласының Білім басқармасы ауа райының қолайсыздығына байланысты 25 желтоқсанда бірінші және екінші ауысымдағы 0-11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ болмайтындығын хабарлады.

Check Also

Нұрсұлтан Назарбаев: Елімізде саяси бәсеке бар

Елбасы «Nur Otan» партиясы кандидатының Республикалық қоғамдық штабының мүшелерімен кездес…