Home Қоғам Астанадағы көшеге Джордж Буштың есімін беру ұсынылды
Қоғам - 02.12.2018

Астанадағы көшеге Джордж Буштың есімін беру ұсынылды

Астанадағы бір көшеге дүниеден озған АҚШ-тың 41-ші президенті Джордж Буштың есімін беру туралы ұсыныс айтылды. Мұндай ұсынысты белгілі қоғам белсендісі, саясаттанушы Айдос Сарым өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жасады.

Бұл туралы  newsasia.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

– АҚШ-тың президенті Джордж Буш дүниеден озыпты. Қайырын берсін. Кеңестер Одағының бейбіт тарап, көптеген геосаяси шиеленістерді шешуге ат салысқан тарихи тұлға. Біз үшін маңыздысы – қазақ мемлекетінің Тәуелсіздігін алғашқы болып мойындаған шетел президенті. Әділеті Астанадағы бір көшеге Джордж Буш есімі берілсе артық болмас, – деп жазды Сарым.

Check Also

Асқар Мамин: Жұмысшылардың құқықтарының кемсітілуіне жол бермеу керек

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Қазақстанның жетекші өнеркәсіптік өңірлері…