Home Спорт Арменияның үздік футболшысы ақтөбелік клубпен арадағы еңбек шартын ұзартты
Спорт - 08.01.2019

Арменияның үздік футболшысы ақтөбелік клубпен арадағы еңбек шартын ұзартты

Өткен маусымда Қазақстанның үздік сұрмергені атанған Маркос Пизелли «Ақтөбе» футбол клубы сапында тағы да тер төгеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Бүгін «Ақтөбе» футбол клубы мен армениялық жартылай қорғаушы Маркос Пиззелли арадағы келісім-шарт мерзімін тағы бір жылға ұзартты.
Қаңтар айының орта тұсынан бастап толық құрам Түркия елінде өтетін жаттығу кезеңіне қатысады.

Естеріңізге саламыз, Пиззелли өткен маусымда Қазақстанның үздік ойыншысы, Қазақстанның үздік сұрмергені, ең үздік голдың авторы атанған еді. Сонымен қатар, 2018 жылдың қорытындысы бойынша Арменияның ең үздік футболшысы болды.

Check Also

Шыдамдылық пен ұстамдылықты балалардан үйренуіміз керек – омбудсмен Айтпаева

2019 жылы 16 мамырда Сенат депутаты, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі …