Home Қоғам Алматы әуежайында Иран азаматы жалған құжатпен ұсталды
Қоғам - 16.12.2018

Алматы әуежайында Иран азаматы жалған құжатпен ұсталды

Бүгін таңертең сағат 08.09-де Алматы әуежайында шекара қызметкерлері Иран азаматын ұстады. Ол паспорт бақылауына Малайзия төлқұжатын көрсеткен. Бұл туралы шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жағдай «Стамбул-Алматы» КС-912 рейсі келгеннен кейін тіркеу барысында болды.

Құжатты тексергеннен кейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кешуге ұсынған паспорты жалған екені анықталды. Мемлекеттік шекара заңын бұзған азамат Еуропа елдеріне ұшу үшін Алматы әуежайын таңдаған.

Иран азаматы өткізілмеді. Қазір аталған факті тексеріліп жатыр.

Check Also

«Мына әкімдер қауіпті»: Иманғали Тасмағанбетовті Ресейдегі «айдаудан» алдыру керек – Қазыбек Иса

ҚАУІПТІ АЙМАҚТАРДАҒЫ ҚАУІПТІ ӘКІМДЕР Қазақ Елі осыдан 28 жыл бұрын Тәуелсіздік алғанын біл…